Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ыстанбұлда Куручешме жағалауындағы Босфор суларында денесі табылған ер адамды анықтау процедурасы аяқталды.
Сот медицинасы институтының мәліметінше, ДНҚ-талдау қаза болған ер адам 30 жастағы ресейлік жүзуші Николай Свечников екенін анықтады.
Еске салайық, 24 тамыз күні Ыстанбұлда өткен құрлықаралық жүзу жарысында 29 жастағы ресейлік Николай Свечников жоғалып кетті. Ол жыл сайын өтетін «Босфор 2025» спорттық шарасына қатысып, мәре сызығына жете алмаған.
Кейінірек оның отбасы жарыс ұйымдастырушыларына қарсы сотқа арыз дайындап жатқаны хабарланды.
Көп ұзамай ол жоғалып кетті деп хабарланды. Бірнеше ай бойы іздеуге қарамастан жүзуші табылмады.
Бұған дейін Ыстанбұлдың Босфорынан жүзу киімін киген белгісіз ер адамның денесі табылғанын жаздық.