Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жақында бостандыққа шыққан танымал вайнер Мейіржан Төребаев әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол осы кезең өзіне үлкен өмірлік сабақ болғанын айтты. Сонымен қатар ұзақ уақыт өзімен бетпе-бет қалып, біраз ой түйгенін жеткізді.
«Өмірде еркіндігімді жоғалтқан сәтте, оны ішімнен таптым. Демек, солай болуы керек болған шығар. Өмір беретін сабақтардан қашып, бақытты өмір сүру мүмкін емес. Жан ұмтылып тұрғанда ол тәжірибеден бас тарта алмайсың. Маған оңаша қалу керек болды. Ешқандай рөлсіз, тек өзім қалып, кім екенімді білу үшін. Кейде өзіңді жаңадан құрау үшін күйреу қажет болады. Осы тәжірибе үшін Жаратқанға шүкіршілік етемін. Бұл – баға жетпес дүние», - деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.