Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі.. Жылдағыдай нөпір халық Бозанбайға қарай ағылды.
Олар қыран құстың қалықтағанын, асауды құлақтағанын, тазының жүгіргенін қызықтасақ деп асықты.
Айта кетейік, Шығыста биыл бұл байқау бесінші жыл қатарынан өтіп жатыр.
Әуелде облыстық деңгейде басталған іс-шара бүгінде халықаралық деңгейге шыққан.
Суретті түсірген – автор Биылғы додаға құс көтергендер сонау Қытай, Ресей, Испания, Мажарстан, Моңғолия, Қырғызстаннан келіп қатысты.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жеткен құсбегілер қаншама. Ереже бәз-баяғы, бүркіт шырғаға түсіп, іріктелгендері қоян алса, қаршыға, лашын сы
Расымен қызық. Жұдырықтай құстың шапшаңдығына таңғаласың. Пыр етіп ұшқан кептерді ағындатып келіп тепкенде бұрқ еткен мамық қана қалды.
Ал анау төбеден барлай ұшқан бүркіт қорғансыз қоянды тегеурінімен іле қонар еді.