Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында: «Қанат Алдабергенұлы, Алатау қаласындағы жобалардың басы-қасында жүрсіз. Болашақта осы Alatau city „ақылды қаланың“ әкімі болуыңыз мүмкін бе?» деген сұрақ қойылды.
Өз кезегінде Қ. Бозымбаев мұндай болжамнан хабарсыз екенін айтты.
— Мен осыған дейін өңірлерде үш рет әкім болдым. Жалпы, жастарға жол беру керек деп санаймын, — деді Премьер-министрдің орынбасары.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы қаралды.
Талқылаудан кейін депутаттар бұл құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.