Бозжыра шатқалында қандай нысандар бой көтереді

25.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

— Бозжыра сапар-орталығы салынды. Жоба бастамашысы әрі инвестор — «Visit Aktau LTD» ЖШС. Ол 20 уақытша, 5 тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз етті. Қазіргі таңда ғимарат құрылысы аяқталып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан биыл іске қосылады, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ 2026-2027 жылдарда этно-кофехананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал 2027-2028 жылдарда глэмпинг базасы дайын болады. Одан бөлек, үлкен қонақүй салынбақ.

— «Bozjyra Safari Hotel» қонақүй кешені бой көтереді. Жоба бастамашысы — «Oasis Development» ЖШС. Компания 30 тұрақты, ⁠80 уақытша жұмыс орнын ұсынады. Қазір жобаға қажетті жер учаскесі рәсімделіп жатыр. Құрылыс 2028 жылы аяқталады, — делінген ресми жауапта.

Сонымен қатар Бозжыра шатқалына апаратын арнайы жол салынып жатыр. Ұзындығы — 14,9 шақырым.

Туристік орнын көру алаңын электр қуатымен жабдықтау бойынша жобалық-сметалық құжаттама да әзір болған.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалына қатынау жеңілдейтінін жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью