Бозжыра шатқалындағы визит орталықтың құрылысы мерзімінен бұрын аяқталмақ

02.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Маңғыстау облыстық туризм басқармасының мәліметінше, «Бозжыра» визит-орталығы биыл ашылады. 

Құрылыс кезеңінде 20 уақытша және 5 тұрақты жұмыс орны ашылған. Қазіргі уақытта нысан толық салынып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба негізі 2027 жылға жоспарланған болатын.

Сонымен қатар, Бозжыра туристік аймағына қолжетімділікті арттыру үшін ұзындығы 14,9 шақырым болатын автожол құрылысы басталды. Бұдан бөлек, бақылау алаңын электрмен жабдықтау үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. 

Бұған дейін, Маңғыстауда Бозжыра шатқалында визит-орталығының құрылысы басталғанын жазған болатынбыз.

Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалына қатынау жеңілдейді, автожолдың құрылысы басталды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью