Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Маңғыстаудың табиғаты, салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы арнайы бейнесюжет «Россия-1» телеарнасының «Утро России» бағдарламасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Утро России» бағдарламасында Маңғыстау өңірінің терең тарихы, табиғи ландшафты, салт-дәстүрі мен түйе сүтінен жасалған ұлттық тағамдары туралы мағлұмат берілді.
Бірінші бейнематериалда шетелдік журналистер Ақтаудың бойтұмарына және визит карточкасына айналған – «Маяк» шамшырағымен танысты.
Тұрғын үй төбесіне шамшырақ орнату әлемде тұңғыш рет 1974 жылы ақмаржан қала Ақтауда іске асырылған екен.
Сонымен бірге журналистер жартасты соқпақты аралап, өңірдегі балық шаруашылығының даму әлеуетімен танысты.
Туристік күнтізбе: Биыл Маңғыстауда қандай іс-шаралар өтеді?
Бейнематериалда қазақ халқының қонақжай қасиеті мен дархан пейіліне, мол дастарханына айрықша тоқталып, алғысын білдірген тілшілер балық асып, яғни «фишбармақ» дайындап, түйе сүтінен жасалатын өнімдердің дәмін татты.