Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде ведомство уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Ақжайық ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылу дерегі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Фото: БҚО тұрғындарынан— Аталған нысан елді мекеннен тыс аумақтан табылған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, ұшқышсыз ұшатын аппарат Қарауылтөбе ауылы маңына құлаған.
Мұндай оқиға облыс аумағында өткен жылы бірнеше рет болған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлағанын жазған болатынбыз.