БҚО да 50 ге жуық малды ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті

20.10.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

14 қазан күні Батыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері жайылымнан мал ұрлаған қылмыстық топты ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ІІМ

Күдіктілер ұрланған малды арнайы қора-жайға айдап апарған. Жылқыларды жүк көліктеріне тиеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріне жөнелткен. Ал ірі қара малды өз шаруашылықтарына қосқан.
Полиция топ мүшелерінің жалпы сомасы 11 миллион теңгеден асатын 49 бас малды ұрлауға қатысы бар екенін дәлелдеді. Күдіктілер қамауға алынған. 

«Заңнамаға сәйкес мал ұрлығы үшін 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған. Азаматтарға малдарын таңбалап, оларды қараусыз қалдырмау ұсынылады», делінген ІІМ хабарламасында.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью