БҚО да ағасының малын жойып жіберген лудоман бақташы сотталды

03.04.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш тұрғын ауызша келісім негізінде 2025 жылдың тамыз айынан 13 қазанға дейін бақташы ретінде ағасына тиесілі 90 бас қойды баққан.

Құмар ойындармен тұрақты әуестенген бақташы букмекерлік кеңсеге ұдайы бәс тігіп, бірте-бірте қаржылық қиын жағдайға тап болған. Содан таныстарынан қарызға ақша алып, оны толығымен құмар ойындарға жұмсаған. Қарыздарын өтей алмай, ақша қажет болғандықтан, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ұрлауға бекінген. Осы мақсатпен 2025 жылдың қыркүйек айы мен 13 қазан аралығында мүлік иесінің тарапынан бақылаудың болмауы мен сенімін пайдаланып, қойларды жасырын түрде түрлі адамдарға арзандатылған бағамен өткізген. 

Түскен қаражатты букмекерлік кеңсеге ставка қойып, қарыздарын өтеуге жұмсап, нәтижесінде жәбірленушіге 4 млн 840 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

— Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдіріп, өзінің құмар ойындарға тәуелді болғандықтан, бәс тігетінін растады. Жәбірленуші сотталушыны бас бостандығынан айырмауды және азаматтық талабын қараусыз қалдыруды сұрады. Сот ер адамды кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеусіз екі жыл алты айға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да шекараны заңсыз кесіп өткен үш шетел азаматы сотталғанын жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью