БҚО да атаулы әлеуметтік көмек алатындардың 49 пайызы көпбалалы отбасылар

22.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдоловтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, бұл — атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), тұрғын үй көмегі. Сондай-ақ үйде оқитын мүгедектігі бар балалардың шығындарын өтеуге, азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы және мерекелік күндерге, өмірлік қиын жағдайға тап болғанда және басқа да қосымша жәрдем беріледі.

Жақсылық Кәримоллаұлының сөзіне қарағанда, 798 отбасына, соның ішінде 4 167 адамға 110,9 млн теңгеге АӘК көрсетілді. Осы көмекті алушылардың 49 пайызы немесе 393-і — көпбалалы отбасы. 

— АӘК алушы отбасыларындағы 1-ден 6 жасты қоса алғандағы 1 264 балаға ай сайынғы қосымша төлемдер төленді. Былтырғы жылмен салыстырғанда, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны 6,3 пайызға төмендеді. Облыс бойынша 52 ауылдық округте атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ, — деді Ж.Абдолов.

Оның айтуынша, ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысы негізінде жасақталған қалалық және аудандық мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған.

Шешімдерге сәйкес атаулы және мерекелік күндерге орай көмек алушылар қатарына «Ардагерлер туралы» ҚР Заңымен анықталған санаттар бойынша екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, соларға теңестірілгендер, өзге мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқандар, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын, мүгедектігі бар адамдар және басқалар кіреді. 

Биылғы үш айда жекелеген санаттар бойынша 10 838 адамға 575,8 млн теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

— Сонымен қатар 1 сәуірге дейін 322 отбасына 6 млн теңгеге тұрғын үй көмегі берілсе, соның 226-сы (3,5 млн теңге) Орал қаласының үлесіне тиеді. Тұрғын үй көмегін алушылардың 70 пайызы — қала тұрғындары. Мұндай жәрдем алушылардың ішінде зейнеткерлер — 63 пайыз, жалдамалы жұмыс жасайтындар — 6,5, мүгедектігі бар адамдар –14, жұмыссыздар — 3,4, аз қамтылғандар және басқа санаттағылар — 13,1 пайыз, — деп қосты басқарма басшысының орынбасары.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 24 500-ден астам адамның жұмыспен қамтылғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью