БҚО да ауыл тұрғындары жайылым жер жоқтығын айтып шағымданды

10.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер Бауыржан Ахметжанның мәлім еткеніндей, аталған елді мекенде 150 үй бар, онда 700 адам тұрады, соның ішінде 200-і — жасөспірімдер. 
Оның сөзіне қарағанда, мал басы — 80 бас сиыр, 30 бас жылқы, 1 500 қой-ешкі. Соңғы үш жылда жайылымның жоқтығынан мал басы үш есеге азайған.

Фото: Бауыржан Ахметжан

— Ауыл маңындағы жер телімдерінің басым бөлігі қожалықтарға берілген немесе олар жеке меншікке сатып алған, ауылдан 200-300 метрден әрі бос жер мүлдем жоқ. Жер кодексінің 26-бабы 3-тармағына сәйкес, азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың бөлек меншiгiне және жер пайдалануына тұрғын халықтың мұқтажына пайдаланылатын және соған арналған, оның ішінде ауылдық елді мекендер шекарасы шегіндегі шабындық алқаптар берілмейді. Міне, осы орайда ауыл тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделері бұзылып отыр, — дейді Б.Ахметжан.

Тұрғындардың айтуынша, күнкөріс көзі — мал болғанымен, оны көбейтудің мүмкіндігі жоқ. Айнала жер қоршалғандықтан, малды тек жолдың бойымен айдауға тура келеді. Су жағалауы заңсыз жабылғандықтан, малын да суара алмайды.

Фото: Бауыржан Ахметжан

Мичурин ауылдық округінің әкімі Максим Мусалимовтің түсіндіруінше, ауылдан 5-6 шақырымдай жерде мал жаюға болатын 30-50 гектардай жер бар.

Осы мәселеге орай Kazinform тілшісі Бәйтерек ауданы әкімдігіне арнайы сауал жолдаған еді.
Әкімдік мәліметіне сәйкес жайылымдық жерлер қолданыстағы заңға сәйкес жеке меншікке және жалға берілген.

Тұрғындардың өтінішіне сәйкес, мал жаюға арналған жерлерді тиімді пайдалану және бақылау мәселесі назарға алынып, қосымша зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар жағалау аумағын қоршатпау мәселесі қатаң бақылауға алынды.

Тұрғындар тарапынан көтерілген жер мәселелері зерделеніп, заңдылығы тексеріледі. Аталған жерлер бұрынғы басшылық кезеңінде (2013-2014 жылдары) берілген.

Фото: Бауыржан Ахметжан

Жамбыл ауылының іргесі 1978 жылы қаланған. Негізі бағыты -егістік және көкөніс, бау-бақша өнімдерімен айналысқан. Сондықтан мал шаруашылығын дамытуға бағытталмаған. Соңғы жылдары оңтүстік аудандардан тұрғындар көшіп келуіне байланысты тұрақты мал ұстау дағдыға айналып, жер жетіспеу мәселесі туындап отыр. Жалпы, аудан бойынша 80 мыңға жуық гектар жайылымдық жерлер жетіспеушілік мәселесі бар. Сол себепті әр босаған жерді жайылымдық жерлерге ауыстыру бағытындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Фото: Бауыржан Ахметжан

— Тұрғындар сондай-ақ ауылішілік жолдарға жөндеу жұмыстарының қашан басталатыны жөнінде мәселе қозғады. 2023 жылы Жамбыл ауылының кіреберіс жолын жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта ауыл ішіндегі жолдарға қатысты сметалық құжаттама әзірге жоқ. Бәйтерек ауданы бойынша 6-7 елді мекеннің кіреберіс жолдары жөндеуді қажет етеді. Осы елді мекендердің кіреберіс жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталғаннан соң, Жамбыл ауылының ішкі жолдары мәселесі қарастырылатын болады, — делінген ресми жауапта.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ауыл тұрғындарының жайылымдық жері сатылып кеткені рас па, соны жазған болатынбыз. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью