Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш іс-шара жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол ережесін сақтауға, жарақаттар санын азайтуға бағытталған.
Осы күндері патрульдік полиция батальонының жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр.
— Іс-шараның алғашқы күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 533 дерегі тіркелді. Соның ішінде 3 жүргізуші автокөлікті мас күйінде айдағаны үшін ұсталды. Бесеуі көлік құралын басқару құқығынан айырылған болып шықты. Тоғыз жүргізуші жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан. Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және бұзушылықтарға жол бермеу керектігін еске салады, — деп хабарлады ведомстводан.
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 51 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 2 адам мерт болды. 84 адам түрлі жарақат алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 39 жастағы жұмысшының өндіріс орнында қаза тапқанын жазған едік.