БҚО да Чапай елді мекенінен Атырау облысы шекарасына дейін жол жабылды

19.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

— 2026 жылғы 19 ақпан сағат 23:00–де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» 189-375 шақырым аралығы (Чапай елді мекенінен Атырау облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. Жолды 2026 жылғы 20 ақпан сағат 09:00–де ашу жоспарланған, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.  

Бұған дейін шығыстағы екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью