БҚО да екі көлік соқтығысып, 8 адам көз жұмды

17.11.2025

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін Чапаев-Жаңақала-Сайқын бағытындағы автожолдың шамамен 50-шақырымында болған. Toyota Camry мен Volkswagen Sharan көліктері бетпе-бет соқтығысып, оның бірі отқа оранған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: БҚО ПД

Соқтығыс салдарынан сегіз адам оқиға орнында қаза тауып, төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

«Ауа райы қалыпты және жол жабындысының жағдайы қанағаттанарлық болған, көрініс жақсы, қозғалысқа сыртқы кедергілер болмаған. Оқиға орнында тәртіп сақшылары, жедел тергеу тобы және ТЖ департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол апатының толық мән-жайы тергеу аясында анықталады», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің біреуі қарсы жолаққа шығып кеткен болуы мүмкін.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью