БҚО да еңбек инспекторларының тексеруі нәтижесінде 235 заңбұзушылық анықталды

27.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

БҚО бойынша еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Асылұлан Досжановтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, бұл 2024 жылғыдан (117) 37 пайызға көп.

Асылұлан Тұрсынұлының сөзіне қарағанда, тексеру барысында 225 заңбұзушылық анықталса (2024 жылы – 137), соның ішінде 207-сі (2024 жылы – 130) – еңбек қатынастары, 17-сі (7) – еңбекті қорғау және қауіпсіздік, біреуі (0) халықты жұмыспен қамту саласында тіркелген.

- Анықталған барлық заңбұзушылықтар бойынша 144 нұсқама (2024 жылы – 96) беріліп, жалпы сомасы 16,927 млн теңге (2024 ж. – 12,728 млн теңге) болатын 72 айыппұл салынды (2024 жылы 53 ескерту шығарылған). Сондай-ақ прокуратура, мемлекеттік кірістер органдарының, еңбек инспекциясының және жеке сот орындаушылары палатасының бірлескен жұмысының нәтижесінде 2025 жылы 33 кәсіпорында жалақы бойынша берешек 974,216 млн теңге сомасында өтелді. 7689 жұмыскердің құқықтары қорғалып, бұл еңбек даулары мен жанжалдарының алдын алуға ықпал етті, - деді А.Досжанов.

Департамент басшысының айтуынша, 2025 жылы 29 жазатайым оқиға тіркелді, бұл 2024 жылмен (56) салыстырғанда 48 пайызға төмен, соның ішінде алтауы – топтық жазатайым оқиға (2024 жылы – 8). Барлығы 37 адам зардап шекті, бұл 2024 жылғыдан (68) 45 пайызға аз. Соның ішінде 25-і (2024 жылы – 42) ауыр жарақат алса, екеуі (6) қаза тапты. Өліммен аяқталған екі жазатайым оқиға да қызметкерлердің биіктіктен құлауы салдарынан орын алған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғадан 8 адам зардап шеккенін жазған едік.

Сондай-ақ БҚО-да екі малшының боранда үсіп өлуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью