БҚО да ер адам шенеунікті қызымды зорлады деп айыптады: полиция не дейді?

24.02.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Батыс Қазақстан облысында шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталды. Полицейлер күдіктінің босатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталды. Полицейлер күдіктінің босатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Бұған дейін жәбірленушінің әкесі 68 жастағы ер адам оның кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне апарып, оған қатысты күш қолданғанын айтқан. Оның сөзінше, арыз жазылғаннан кейін күдікті ұсталған, алайда көп ұзамай босатылған.

Сондай-ақ, әкесі Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеуді жеткілікті деңгейде жүргізбей жатқанын мәлімдеген.

Сол кезде полиция Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы ("Кәмелетке толмағанды зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

Полиция не дейді?

БҚО Полиция департаменті мәліметінше, 2 қаңтарда Ақсайдың 16 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасалғаны туралы хабарлама түскен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Тергеу барысында хат алмасу және істің объектив қаралуына маңызы бар өзге де деректер анықталды. Тергеу нәтижесінде кәмелетке толмағанға қатысты күш қолдану дерегі расталмады. Мұны жәбірленушінің өзі және анасы да растады, олар күдіктіге қатысты ешқандай талап-арыздарының жоқ екенін айтып, қарым-қатынастың өзара келісіммен болғанын мәлімдеді", – деп хабарлады полиция.

БҚО ПД дерегінше, күдікті аудандық әкімдік бөлімінің қызметкері болған. Арыз түскеннен кейін ол қызметінен босатылған. Тергеу жалғасып жатыр, іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью