БҚО да ірі қара саны бір миллионға жетті

09.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Батыс Қазақстан облысында ірі қара мал саны бір миллионға жетті. Республика бойынша етті бағыттағы ірі қараның 42 пайызы осы өңірде өсіріледі.

Мал өнімділігін арттыру үшін суармалы жерлер көбейіп, биыл оған 3 млрд теңге бөлінген. Төрт түліктен алынатын сүт өнімдерін арттыру мақсатында 12 жоба іске асты. Соның арқасында өңірдегі сүт өндірісі 40 пайызға артты. Бұл туралы облыс әкімі брифингте баяндады. Биыл өңірде ауыл шаруашылығы бағытында 18 жоба жүзеге асқан. Нәтижесінде, өнім көлемі алты пайызға өсті.

Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- Ал биылдың өзінде жалпы құны 15,4 млрд теңге болатын 18 жоба іске асырылуда. Олар: 1,5 мың га суармалы жерлерді айналымға енгізу бойынша 5 жоба, 4,8 мың тонналық 2 тауарлы сүт фермасы және 3000 басқа арналған бордақылау алаңы. 2027 жылға дейін 29 мың басқа арналған 11 бордақылау алаңдарын іске қосу жоспарланып отырмыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью