БҚО да кішкентай қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа берілді

03.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

— Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралуда, — деп хабарлады ведомстводан. 

Департаменттің баспасөз қызметі күдіктіге қандай бап бойынша айып тағылғаны жөнінде мәлімет бермеді. 

Дегенмен БҚО прокуратурасының 22 қазан күні өткен кеңейтілген алқа отырысында Тасқала ауданындағы аталмыш оқиға бойынша кішкентай қыздың зорланғаны жөнінде дерек айтылып, тарап кеткен болатын. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жоғалып кеткен қыз табылып, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью