Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Белгілі болғандай, 30 сәуірде аудандық полиция бөліміне Ханкөл ауылының тұрғынынан өзіне тиесілі Lada Granta автокөлігінің ұрланғаны туралы арыз түскен. Тексеру барысында бұрын сотталған, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтың көлік иесінің рұқсатынсыз аталған автокөлікті иемденгені анықталды.
Сонымен қатар, күдікті Орал–Ақтөбе автожолы бойымен қозғалып келе жатып, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар ұсталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігі және 611-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бұған дейін Астанада полиция пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстағанын жазғанбыз.