БҚО да лицензиясыз микрокаржылық қызмет ұйымдастырған күдікті тергеліп жатыр

18.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Тергеу мәліметтері бойынша, «Аванс 07» ЖШС-нің басшысы тиісті лицензиясыз азаматтарға зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша беруді ұйымдастырған.

— Аталған қызмет «Уральск Золото» атты комиссиондық дүкеннің жұмысы ретінде көрсетіліп, жасырын түрде жүргізілген. Қарыздар комиссия шарттары арқылы рәсімделген, ал пайыздық төлемдер зергерлік бұйымдарды сақтау қызметінің ақысы ретінде көрсетілген, — делінген хабарламада.

Осы заңсыз қызметтің нәтижесінде 2 мыңнан астам қарыз берілген. Қылмыстық жолмен алынған табыс көлемі 128 млн теңгеден асты. Сот санкциясымен күдіктінің автокөлігі мен 6 млн теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаға тыйым салынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью