БҚО да өрт кезінде қаза тапқан 9 адамның жетеуі мас күйінде болған

17.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

БҚО ТЖД бастығының орынбасары Елдос Батталовтың мәлім еткеніндей, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өрт саны 14-ке, мерт болғандар 8, жарақат алғандар 1 адамға көбейіп кетіп отыр.

Елдос Нұрланұлының сөзіне қарағанда, өрттің шығуына азаматтардың қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы себеп болып отыр. Атап айтқанда, темегі шегу кезіндегі абайсыздықтан 6, пеш жағуда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан 3 өрт шыққан. Қаза тапқан тоғыз адамның жетеуі мас күйінде болғаны анықталды.

— 15 наурыз күні Орал қаласында Х.Чурин көшесіндегі жатақханада өрт болды. Одан 40 адам өз бетімен эвакуацияланса, соның бесеуі — балалар. Өртті сөндіру барысында газбен улану белгілері бар 1969 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Өрт төсекте темекі шегуден басталған. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға департаменттен 18 адам мен 7 техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады. Электр құрылғыларының жарамдылығын қадағалап, электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеу маңызды. Пешті қараусыз қалдырмау және тұрғын үйде, әсіресе, мас күйде темекі шекпеу қажет, — деді Е.Батталов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тұрғын үйде еденнің астынан жыландар шыққанын жазған болатынбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью