Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың мәлім еткеніндей, өңірдегі бірқатар өзеннен елді мекендерге қауіп төнуі ықтимал.
Атап айтқанда, Қараөзенде тасқын 17-23 наурыз аралығында болып, су деңгейі Казталов ауданы Жалпақтал ауылы жанында 636-876 сантиметр аралығында (қауіпті шегі – 820 см) болуы мүмкін.
Фото: Ғайсағали Сейтақ- Шаған өзені 18-23 наурыз аралығында Бәйтерек ауданы Чувашин ауылы тұсында 952-1 234 см-ға (қауіпті шегі – 1 300 см) дейін көтеріледі деп болжанып отыр. Бұдан Бәйтерек ауданы елді мекендері мен Орал қаласына қауіп төнуі ықтимал, - деді Т.Шапанов.
Оның айтуынша, Деркөл өзені Тасқала және Бәйтерек аудандарының аумағымен өтетіні белгілі. Мұнда су деңгейінің жоғары шегі 16-20 наурызға тап келіп, Тасқала ауылында 515-645 см (қауіпті шегі – 550 см), Бәйтерек ауданы Белес елді мекенінде 575-813 см (700 см) аралығында болуы мүмкін. Сонымен қатар Тасқала ауданында 1-Шежін, 2-Шежін, Бәйтеректе Быковка өзеніндегі тасқын салдарынан сол маңдағы елді мекендерді су басу қаупі жоғары болып отыр.
Фото: Ғайсағали Сейтақ«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес наурыз айының орташа айлық температурасы -2,9+2,1 градус шамасында болмақ, бұл нормадан 1° жоғары (норма: -3,9+1,1°С).
Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан көп. Ал облыстың шығысында норма шамасында (норма: 14-27 мм). Бірінші онкүндіктің ортасы мен екінші онкүндіктің басы жауын-шашынды (жаңбыр, жылбысқы қар) болмақ. Жаңбыр екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің соңында болжанады.
Фото: Ғайсағали СейтақЕске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда су тасқынынан келер қауіп қандай екендігін жазған болатынбыз.
Су тасқынына дайындық барысында БҚО-ның бірқатар ауданында техникалар саны сәйкес болмай отыр.
БҚО өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр.