БҚО да референдум учаскесіне аңшылар тазымен келді

15.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Тазышылардың бірі Сәлімжан Әубәкіров – әнші-термеші әрі балуан.

Фото: "Сырым елі" газеті

- Тазы асырағаныма 5-6 жылдың жүзі болды. «Маска» және «Самұрық» деген қос тазым бар. Аңға салғанда, олжасыз оралып жүрген жоқпыз. Бүгін сенімді серіктерімізді учаскеге ертіп келіп, өз таңдауымызды жасадық. Дегенмен тазының тұқымын сақтау мәселесі күн тәртібінде тұрғанын айта кеткім келеді. Өйткені қан араласып барады, - дейді С.Әубәкіров.

Аударыспақтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Сырым батыр» көкпар командасының капитаны Төлеби Қайыржанов та тазы баптап, саятшылықпен айналысады.

Фото: "Сырым елі" газеті

- Көптен бері балаларды атқа мінуге баулып келемін. Өйткені жеткіншек ұрпақ кішкентайынан неғұрлым сәйгүлік тізгіндеп, бәйгеге шаба білсе, ол шымыр болып өседі. Намысын жібермей, Отан қорғауға да дайын тұрады. Сондықтан біз ұлттық спортымызды дамыта білуіміз керек, - деп қосты Т.Қайыржанов.

Фото: "Сырым елі" газеті

Сонымен қатар жымпитылық желаяқ, «Syrym RUNNERS» жүгіру тобының жетекшісі Жұмағұл Молдабеков аталған референдум учаскесіне жүгіріп келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ол таңмен 10 шақырым жүгіруді дағдыға айналдырған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда референдум күні 489 учаске жұмыс істейтінін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда дауыс берген танымал өнерпаз «Атамекен» әнін орындады.

Алғаш рет дауыс беруші референдумда өз таңдауын жасағаны жөнінде айтты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью