Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
2026 жылғы 30 сәуір күні «Ақтөбе — Орал — Ресей Федерациясы шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 247-шақырымында жоспарлы патрульдеу барысында Шаған өзені арқылы өтетін көпірдің жаяу жүргіншілер бөлігіне зақым келгені анықталды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Көпірдің негізгі жүріс бөлігі мен көтергіш конструкцияларына зақым келмеген, көлік қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылып отыр.
Мамандардың болжамынша, жаяу жүргіншілер бөлігіндегі жекелеген металл элементтердің коррозиялық тозуы зақымдануға себеп болуы мүмкін.
— Нақты қорытынды қосымша техникалық тексеру нәтижесінде белгілі болады. Оқиға орнында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел шаралар қабылданып, уақытша қоршаулар мен қажетті техникалық құралдар орнатылды, — делінген хабарламада.
Аталған көпір 1962 жылы пайдалануға берілген. Нысанның пайдалану мерзімін ескере отырып, қазіргі уақытта оны күрделі жөндеуден өткізу мәселесі белгіленген тәртіппен қарастырылып жатыр. Жобаны қаржыландыру бойынша тиісті ұсыныстар ағымдағы жылдың басында уәкілетті мемлекеттік органға жолданған.
Бұдан бұрын Павлодарда салынып жатқан жаңа көпір тағы да отқа оранғанын жаздық.