Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллиннің мәлім еткеніндей, соның 229,3 мың гектары — үйірлі шегірткелер, 225,7 мың гектары саяқ шегірткелерге қарсы өңделетін болады.
Оның сөзіне қарағанда, саяқ шегірткелерге қарсы 225,7 мың гектар жерде өңдеу жұмыстары жергілікті бюджет есебінен атқарылады.
— Ол үшін қажетті қаражат бөлініп, бүгінгі таңда өңдеу жұмыстарын жүргізетін мекемелер анықталды. Атап айтқанда, «Pest Mosq treatment» ЖШС («Зиянкестермен күресу» ЖШС) Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым, Теректі аудандарында 171,5 мың гектарға өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ «ЗапКазФумигация» ЖШС Тасқала, Жәнібек және Казталов аудандары мен Орал қаласы аумағында 33,3 мың гектарды өңдейді. Ал «Магтоксин» ЖШС Қаратөбе, Бөкей ордасы және Жаңақала аудандарында 20,9 мың гектар жерде осындай жұмыстарды атқарады, — деді Ж.Халиуллин.
Басқарма басшысының айтуынша, үйірлі шегірткелерге қарсы фитосанитарлық іс-шараларды республикалық бюджет есебінен Агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық аумақтық инспекция ұйымдастырады. Қазіргі уақытта орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда барлық егіс көлемі 626 мың гектар болатынын жазған едік.