БҚО да заңсыз қоқыс үшін төрт әкім орынбасарына айыппұл салынды

27.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

БҚО бойынша Экология департаментінің басшысы Мұрат Ермекқалиевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның ішінде 90-ы Бәйтерек, 35-і Бөрлі, 27-сі Теректі ауданы және 31-і Орал қаласының үлесіне тиеді.

Оның сөзіне қарағанда, заңсыз қоқыстың 154-і немесе 85 пайызы жойылған.

- Облыстың табиғат қорғау прокурорының ұсынуы бойынша заңсыз қоқыс орындарын уақытылы жоймағаны үшін Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандары және Орал қаласы әкімінің орынбасарлары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 344-бабы 3-бөлігіне сәйкес жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсысы қысқартылған тәртіппен 50 АЕК көлемінде (196,6 мың теңге) айыппұл төледі, - деді М.Ермекқалиев.

Оның айтуынша, аудан әкімдері заңсыз қоқыс орындарын уақытылы жоймаудағы негізгі себеп ретінде қаржыландырудың жеткіліксіз екендігін алға тартады.

- Тағы бір ерекше алаңдаушылық тудыратын мәселе – Чапаев, Казталов және Жалпақтал ауылдарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу жобалары көп жылдан бері жүзеге асырылмай келеді. Бұлардың техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. Жалпы құны 1 млрд теңгеден аспайды. Соған қарамастан іске асырылмай отыр. Салдарынан соңғы жеті жылда облыс аумағында бірде-бір жаңа ҚТҚ полигоны пайдалануға берілмеген, - деп қосты М.Ермекқалиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да кен орнында газ алауы жағылуына байланысты таяудағы ауылға келер қауіп бар ма, соны жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью