БҚО да Жайық пен Шағаннан басқа өзендерде ағыс қарқыны бәсеңдеді

30.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, 30 наурыз күнгі таңғы сағат 08.00-дегі ақпарат бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі соңғы тәулікте Бөрлі ауданы Жарсуат ауылынан басқа гидробекеттерде көтерілген.

Атап айтқанда, Жарсуатта 327 см (-16, қауіпті шегі – 1 мың см) болса, Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 265 (+50), Оралдағы гидробекетте 254 (+25, 850 см), Көшімде 217 (+27), Ақжайық ауданы Мерген елді мекенінде 373 (+23), Тайпақта 109 (+5) сантиметрді көрсетті. 

Сондай-ақ Шаған өзені Бәйтерек ауданы Чувашин ауылында бір тәулікте 87 см-ге көтеріліп, 797 сантиметрге (қауіпті шегі – 1 300 см) жетті. Есесіне Орал қаласына жақын орналасқан Мичурин ауылында 9 сантиметрге (445 см) төмендеді.

Облыс бойынша соңғы тәулікте Шыңғырлау мен Шідертіде су деңгейі сәл-пәл көтерілгенімен, басқа өзендерде ағыстың бәсеңдегені байқалады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын соңғы тәулікте Жайық өзеніндегі су деңгейі 95 сантиметрге көтерілгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью