БҚО да жарылыс жүргізілген өзенде мұздың қайта қатып қалғаны рас па

14.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

«Кристалл» бау-бақша серіктестігінің тұрғыны мәлім еткеніндей, 2 наурыз күні бір-ақ жерде мұз жару жұмысы жүргізілді. Онда да кептеліс болатын жерде емес.

- Содан кейін қатты аяз болып, мұз толықтай қатып қалды. Сонда қаржы не үшін бөлінген? Мұндай жарылыстар 2024 жылы болып еді. Аяғының немен біткенін бәріміз білеміз. Өткен жылы БҚО ТЖД қызметкерлерінің іс-әрекеті нәтижесінде қажетті жерлерде мұз жарылыстары жасалды. Барлығы ойдағыдай өтті. Биыл «Вишенка-3» бау-бақша серіктестігі ауданында Шағанның бұрылыстары бар жерде мұз жарылған жоқ. Қазір күн жылынып жатыр, көп ұзамай сең жүреді. 2024 жылғы тасқын қайталана ма деп қорқамыз. Шұғыл шара алуды сұраймыз, - дейді тұрғын.

Осыған орай Kazinform тілшісі мәселенің анық-қанығын білу үшін БҚО әкімдігіне арнайы сауал жолдаған еді.

Фото: Kazinform

Әкімдіктен түскен мәліметке қарағанда, аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жарылыс жұмыстары көктемгі тасқын кезінде кептеліс болмас үшін мұз қабатын ұсақтау мақсатында жүргізілді. Содан кейін түнгі уақытта ауа температурасы төмендеген кезде жұқа мұз қабаты пайда болуы мүмкін. Бұл табиғи көрініс болып есептеледі, мұз қайтадан қатып қалады деген сөз емес.

- Жарылыс жүргізудегі басты міндет – мұз қабатын бұзу, бұған қол жеткізілді. Ұсақталған мұз неғұрлым тез сөгіледі және күн жылынып, су көбейген кезде өзен арнасымен жылдамырақ өтеді. Күні бүгінге дейін 38 мың шаршы метр жерге жарылыс жұмыстары жүргізілді. Оның уақыты уәкілетті органдардың ұзақ мерзімді болжамына сәйкес айқындалды. Өзендердегі жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында. Мұзға мониторинг жүргізу жалғасуда. Тұрғындарға ресми ақпарат көздеріне сеніп, дәлелсіз мәліметтерді таратпауды өтінеміз, - делінген ресми жауапта.

Батыс Қазақстан облысында 9, 10 наурызда күн түнде 24 градусқа дейін суытқан болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО өзендерінде мұз жару жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын жазған болатынбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью