Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдоловтың мәлім еткеніндей, аудандық және қалалық мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес соның ішінде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 6 майдангерге 1,5 млн теңгеден беріледі.
Оның сөзіне қарағанда, сондай-ақ Ленинград қаласын қоршау кезеңінде жұмыс істеген 1 адам 120 мың теңге алады. Сол секілді Кеңес армиясының ерікті жалдамалы құрамында болған тағы бір ардагерге сондай көлемде жәрдем беріледі.
- Жасөспірім кезінде фашистік лагерьде тұтқында болған 4 адамның әрқайсысына 120 мың теңгеден тиеді. Қайтыс болған Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері және соларға теңестірілгендердің әйелдері (101 адам), сондай-ақ 1 609 тыл еңбеккеріне 50 мың теңгеден көмек көрсетіледі, - деді Ж.Абдолов.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 24 500-ден астам адамның жұмыспен қамтылғанын жазған болатынбыз.