БҚО да жер беруде заңнаманы бұзған әкімдік қызметкерлеріне айыппұл салынды

18.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ауыл тұрғыны 2023 жылы шаруа қожалығын жүргізу үшін жер телімін алуға тендерге қатысқан, бірақ басқа тарап жеңімпаз деп танылған.

Сот дауынан кейін талап қоюшының құқығы қорғалып, 2023 жылғы тендер қорытындысы жарамсыз деп танылды. Алайда аудандық әкімдік байқау жеңімпазын айқындау бойынша рәсімдерді аяқтамай және оның қорытындыларын қайта қарамай, екі жылдан кейін сол жер теліміне қатысты тағы бір байқау жариялап, жеңімпаз ретінде басқа тұлғаны анықтаған. Бұл жолы да талап қоюшы байқауда жеңіліс тапқан.

Байқау құжаттамасын зерделеу талап қоюшының барлық өлшемшарттар бойынша толық басымдығын және жер комиссиясы мүшелері тарапынан басқа тұлғаны жеңімпаз деп танудың себептері негізделмегенін көрсетті. Жауапкер Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының 2025 жылғы 16 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабын тексеру туралы» қаулысын және конкурс жеңімпазын айқындау өлшемшарттарына қатысты берілген ұсынымдарын елемеген. 

Істі қайта қарау қорытындысы бойынша сот облыс әкіміне кінәлі тұлғалардың жауаптылығы мәселесін қою және әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін талдау жөнінде жеке ұйғарым шығарды. 

– Сот қаулысымен Сырым ауданы әкімдігі мен аудандық жер қатынастары бөлімінің өкіліне процессуалдық міндеттер мен сот қаулыларын орындамағаны үшін әрқайсысына 20 АЕК (78 640 теңгеден) айыппұл салынды. Айыппұлдар төленді. Соттың жеке ұйғарымы профилактикалық шаралар қабылдау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту арқылы орындалды. Осылайша, талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы бірінші сатыдағы соттың шешімі күшін жойып, байқау қорытындыларын жою және оларды қайта қарауға мәжбүрлеу жолымен талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданды. Сот қаулысы заңды күшіне енді, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да қызмет бабында қаза тапқан полицейдің отбасына 9 млн теңге өтемақы төленбегенін жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью