БҚО облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешов қызметінен кетті

07.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасын басқарған Мадияр Өтешев өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Tengri Health.

Мән-жайы

Бұл ақпаратты тілшімізге Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады:

"Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің 2026 жылғы 3 маусымдағы өкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев ведомствоға қарасты мекемелердің қызметіне тиісті бақылау жасамағаны үшін бір ай мерзімге лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілген болатын. Кейіннен ол өз еркімен жұмыстан босатылды".

Қазір денсаулық сақтау басқармасын кім басқарып отыр?

Ведомство өкілдері қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша Айнаш Ғұбайдуллина атқаратынын хабарлады.

Айнаш Ғұбайдуллина Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын "педиатрия" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын дәрігер-педиатр болып бастап, кейін Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы және басшысы қызметтерін атқарған.

Басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалғанға дейін ол ведомство басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымында болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ Мадияр Өтешевтің бір айға қызметтен шеттетілуін сәуір айының соңында Батыс Қазақстан облысындағы жеті медициналық мекеме басшысының ұсталуымен байланыстырған болатын. Олар ірі жекеменшік медициналық зертханадан және өзге де өнім берушілерден "жалпы қамқорлығы үшін" жүйелі түрде пара алды деп күдікке ілінген еді.

Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар осы жерден.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Батыс Қазақстан облысы

Денсаулық сақтау басқармасы

қызметтен кету

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью