Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Биыл Батыс Қазақстан облысының 15 ауылына су құбыры тартылып жатыр.
Қазір соның төртеуінде жұмыс аяқталып, тұрғындарға тіршілік нәрі берілді. Жыл соңына дейін тағы мыңға жуық адам сапалы суға қол жеткізеді. Бүгінде аймақ тұрғындарының 99 пайызы ауыз сумен қамтылған.
Магистральный ауылының тұрғындары ауызсу құбырының тартылуын ұзақ күтті. Олар осы күнге дейін тіршілік нәрін ескі құдықтан тұтынып келді. Бірақ оның сапасы төмен болған. Енді бұл қиыншылық артта қалды. 196 үй орталықтандырылған су құбырына қосылды.
Гүлнәр Омарова, Магистральный ауылының тұрғыны:
- Бұрын су болған жоқ қой. Бәрі де колонка болды. Үлкен кісілерге қазір анадан мынадан су тасу қиын болды. Қазір міне оларға жеңілдік болды ғой.
Су құбырының құрылысы үш жыл бұрын басталған. Жоба 300 млн-нан астам теңгеге бағаланады. Бірінші мердігер міндеттемелерді орындай алмаған соң, барлық жұмыс жаңа компанияға жүктелді.
Ербол Шоқанов, мердігер ұйымның өкілі:
- Ауыл ішкі құбырлары 11 шақырым. Жаңа су құбыры екі подъемнан тұрады. Бірінші подьемде бұрғыма бар. 4 км жарымда содан екінші подьемға келеді. Екіншісі де фильтрация, тазаланып, башняға барып, ауылға келеді.
Бұдан бөлек өңірде үш ауыл орталықтандырылған сү жүйесіне қосылды.
Нұркен Молдашев, құрылыс басқармасының басшысы:
- Қазір облыс бойынша 14 жоба бар. 15 ауылға су құбыры тартылып жатса, соның 4-уі аяқталды. Қалғаны жыл соңына дейін іске қосылады. Сонымен бірге 40 ауылға су тазартқыш блок-модулі орнатылды.
Барлық жоба ойдағыдай жүзеге асса, өңір тұрғындары сапалы ауыз сумен толық қамтылады. Жобаларға облыс бюджетінен 9 миллиард теңге бөлінді.
Абзал Азаматұлы, Альбина Құмарғалиева, Болат Жарылғасов