Бразилияда сотталғандардың жазасы жеңілдетілуі мүмкін

19.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бразилияда 2023 жылы мемлекеттік төңкеріс жасады деп айыпталғандардың жазасын өтеу мерзімі қысқартылуы мүмкін. Сенат осыған мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады. 

Бұған дейін құжатты депутаттар палатасы қолдаған еді. Енді президентке қол қоюға жіберіледі. Егер заң қабылданса, бұрынғы президент Жаир Болсонарудың жазасы да жеңілдетіледі. 70 жастағы саясаткер 27 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот оған қарулы топ құрды, билікті күшпен басып алуға әрекет жасады және мемлекеттік ғимараттарға жасалған шабуылдарға қатысты деген айыптар тақты. Жаир Болсонару 2019 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта  Бразилияны басқарған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью