Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Басылым мәліметінше, әуе апаты Риу-Гранди-ду-Сул штатының солтүстік жағалауындағы Капао-да-Каноа қаласында болған.
– Ұшақ тұрғын үйлердің біріне құлады, оқиға орнынан түтін мен өрт көрінеді. Бұл ауданда ғимараттар негізінен аз қабатты, – делінген хабарламада.
Ұшақ пилоты және тағы екі адам оқиға орнында қаза тапқан. Жалпы әуе кемесінің бортында төрт адам болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ төмен биіктікте ұшып келе жатып, биіктігін жоғалта бастаған және кейін апатқа ұшыраған.
Еске сала кетсек, өткен айда Колумбияда ұшақ апатынан 69 адам қайтыс болып, елде аза тұту күні жарияланды. Hercules C-130 Колумбияның оңтүстігіндегі Пуэрто-Легисамо муниципалитетінде көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Caracol телеарнасы эфирде көрсеткен бейне кадрларда ұшақтың биіктікке жетпей құлай бастағанын көруге болады. Жергілікті құтқарушылардың айтуынша, бортта барлығы 128 адам болған.
Ал ақпанда Иранда болған әскери тікұшақ апатынан төрт адам қаза тапты.