Бразилияда жарқанаттардан коронавирустың жаңа түрі анықталды

30.10.2025

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бразилиялық ғалымдар жарқанаттардан коронавирустың жаңа түрін анықтады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Зерттеушілер бұл вирусты BRZ batCoV деп атаған. Оның генетикалық құрылымы COVID-19 және Таяу Шығыс респираторлық синдромын (MERS) тудыратын вирустарға ұқсас.

Жаңа вирус жәндікпен қоректенетін жарқанаттардан анықталған. Бұл жануарлар негізінен Латын Америкасында кездеседі. Ғалымдар талдау жасау үшін Мараньян және Сан-Паулу штаттарында сынама жинады.

Зерттеу нәтижесінде BRZ batCoV бета-коронавирус тобына жататыны белгілі болды. Сондай-ақ бұл топқа SARS-CoV-2, MERS-CoV және SARS-CoV вирустары да кіреді.

Мамандардың айтуынша, әзірге жаңа вирустың адамға қауіп төндіретіні дәлелденбеген. Дегенмен BRZ batCoV-тың бір ерекшелігі – ондағы тікенек тәрізді ақуыздың белгілі бір бөлігі адам мен жануар жасушаларындағы ферменттер арқылы ыдырап, вирустың ағзаға енуін жеңілдетеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью