Бразилиядағы жойқын торнадодан жүздеген адам жараланды

09.11.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жылдамдығы 155 мильден асатын торнадо Рио-Бонито-ду-Игуасу мен Гуарапуаведе ондаған үйді қиратып, үкіметті зардап шеккен аудандарда төтенше жағдай жариялауға мәжбүр етті.

— Жел бәрін қиратты. Қаланы, үйлерді, мектептерді қиратып кетті. Алдағы күніміз не болады? — деді Розелей Далкандон өзінің бұрынғы дүкенінің қирандыларының арасында тұрып.

Шенеуніктер торнадодан бірнеше сағат өткен соң бір адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады. Олар із-түзсіз жоғалғандар саны артады деп болжап отыр.

Қаза тапқан 6 адамның бесеуі ересек, біреуі 14 жастағы қыз бала. Құрбандардың 5-уі Рио-Бонито-ду-Игуачу қаласының тұрғыны, ал біреуі Гуарапуавадан. 

Губернатор кіші Карлос Масса Ратиньо Парана штатында үш күндік қаралы күн жариялады. Азаматтық қорғаныстың бағалауы бойынша Рио-Бонито-ду-Игуачу аймағының шамамен 90% зақымданған. 750-ден астам адам, оның ішінде балалар мен жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетілді. Он адамға ота жасалды, қазір 9-ның жағдайы ауыр.

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва әлеуметтік желіде ынтымақтастығын білдіріп, аймаққа шұғыл көмек жіберілетінін жариялады.

— Біз Парана тұрғындарына қолдау білдіреміз және барлық қажетті көмек көрсетуді жалғастырамыз, — деді ол.

Билік құйыннан зардап шеккендерге азық-түлік, гигиеналық құралдар, брезент, матрацтар және басқа да қажетті заттарды таратып жатыр.

Осыған дейін Филиппиннің астан-кестеңін шығарған «Калмаэги» тайфунынан 2,9 миллион тұрғын зардап шегіп, 200-ден астам адам қаза тапқынын жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью