Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Заң тазалық нормаларының сақталуын талап етеді, олардың ережелерін жергілікті жерлеу қызметтері анықтайды.
Заң «адамдар мен олардың асыранды жануарлары арасындағы эмоционалдық байланысты» мойындайды, деп жазды BBC.
Жаңа заң бейресми түрде Сан-Паулуда иесі қабірінің басында 10 жылға жуық өмір сүрген иттің құрметіне «Қабірші Боб» бейресми атауына ие болды. Боб Ковейро (португал тілінде «қабірші» дегенді білдіреді) лақап атымен аталған Боб марқұмның туыстары итті қабір басынан алып етуге талай әрекеттенгеніне қарамастан ол иесі жерленген жерге орала берді.
Зират қызметкерлері ақыры Бобқа үйшік салып берді, ал ол 2021 жылы көлік қағып кеткеннен кейін иесімен бірге жерленді.
Pet Brasil институтының мәліметінше, Бразилия үй жануарларының саны бойынша әлемде үшінші орында, елде 160 млн үй жануары бар.
Осыған дейін Өскеменде халықты бұралқы иттерден қорғау үшін арнайы қор құрылуы мүмкін екенін жаздық.