Браззавильмен алыс беріс арта түседі

06.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Еліміздің Конго Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Жан Ғалиев Конгода елдің сыртқы саяси ведомствосының бас­шысы Констан-Серж Бундамен, Телеком­му­ни­кация және цифрлық экономика министрі Нгема Нземен, Қаржы және бюджет министрі Кристиан Йокамен, сондай-ақ Ұлттық қорғаныс министрлігінің Стратегиялық мәселелер және әскери ынтымақтастық жөніндегі бас директоры Жан Эме Инюмбамен келіссөз өткізді.

Еліміздің цифрландыру және жасанды интеллект, телекоммуникация, энергетика, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, қаржылық технологиялар, банк ісі саласындағы тәжірибесі мен жетістігі Конго Республикасының ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Қазір Браззавиль Орталық Африканың бүкіл аймағы үшін Қазақстаннан астық пен тыңайтқыштар импорттау мүмкіндіктерін қарастырып отыр. Сондай-ақ конголездік жастарды еліміздің білім мекемелеріне оқуға жіберуге ниетті.

Браззавиль Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасын қолдайды. Сырт­қы істер министрі Констан-Серж Бунда су қауіп­сіздігі тақырыбы барлық ел үшін, әсіресе Африка үшін өте маңызды мәселе екенін атап өтті.

Елші Конгоға сапары кезінде конголездік бизнестің жетекші өкілдерінің бірі, көпсалалы компанияның бас директоры Серж Муйи­мен өткен кездесуде туризм және сауда салаларындағы, атап айтқанда мемлекеттік-жеке­меншік серіктестігі шеңберіндегі бизнес-ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Конго билігі екі елді Орта дәліз және Пуэнт-Нуар теңіз порты арқылы байланыстыру сауда-экономикалық серіктестік мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейте алатынын айтады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью