Brent маркалы мұнай бағасы 4 пайыздан астам өсті

24.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Лондондағы ICE биржасында 2026 жылдың мамырына жеткізілетін Brent мұнайының бағасы 4%-дан астамға өсті. ТАСС дерегіне сәйкес, 24 наурыз таңдағы мәлімет бойынша Brent құны 4,41%-ға өсіп, барреліне 104,35 долларды құрады.

Сонымен қатар, 2026 жылдың мамырына жеткізілетін WTI мұнай фьючерстері 4,31%-ға қымбаттап, барреліне 91,93 долларға жетті.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның энергетикалық инфрақұрылымына ықтимал соққы беруді бес күнге кейінге қалдыруды тапсырған.

Оның айтуынша, бұл шешім Вашингтон мен Тегеран арасындағы «өнімді келіссөздерге» байланысты қабылданған.

Алайда Иран билігі АҚШ-пен келіссөздер жүргізілгенін жоққа шығарады. Трамптың мәлімдемесі аясында ICE биржасында 2026 жылдың мамырына жеткізілетін Brent мұнайының бағасы бір күн бұрын 14%-дан астамға төмендеп, 96 доллар деңгейіне түскен еді. Бұл көрсеткіш 2026 жылғы 12 наурыздан бергі ең төмен деңгей болды.

Бұған дейін Ақ үй басшысы Тегеранға ультиматум қойып, 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын кеме қатынасы үшін ашуды талап еткен. Әйтпесе, Иранның энергетикалық инфрақұрылымын «жойып жіберетінін» ескерткен.

Өз кезегінде Иран Ормуз бұғазын толық жабатынын, Израильдің энергетикалық және IT-инфрақұрылымына, сондай-ақ өңірдегі АҚШ базалары орналасқан елдердегі электр станцияларына соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью