Брисбен турнирі: Елена Рыбакина жартылай финалдан тыс қалды

09.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда рейтингіде 20-орындағы чехиялық Каролина Муховамен сынға түсті.

Қарсыластар осыған дейін екі рет кездескен еді. Есеп тең – 1:1.

Бұл жолы бірінші партияны Мухова қос брейкпен өз есебіне жазды – 6:2.

Есесіне екінші сетте Рыбакина 3:1 есебімен алға кетті. Сосын тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда есеп 4:4 болған мезетте Рыбакина қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды. Бұдан кейін Мухова матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4.

Екі сағат 4 минутқа созылған үш сеттік бәсекеде Рыбакина 9 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Мухова 3 эйс, 4 брейкпен (12 брейк-пойнт) көзге түсті.

К.Мухова финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко немесе рейтингіде 7-сатыдағы америкалық Мэдисон Киздің қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жылдың алғашқы турнирінің ширек финалына шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Александр Бублик Гонконг турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Тимофей Скатов Үндістандағы жарыстың финалына шығу үшін таласады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью