Брисбен турнирі: Юлия Путинцеваның қарсыласы анықталды

02.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Әлемнің 71-інші, іріктеудің 2-ракеткасы, қазақстандық Юлия Путинцева бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 119-орында тұрған корт иесі Присцилла Хонмен өткізеді. 

Матч 2 қаңтар күні Қазақстан уақытымен сағат 08.00-ге белгіленген. 

Ю.Путинцева аустралиялық теннисшіні жеңген жағдайда әлемнің 70-ракеткасы, хорватиялық Антония Рузич немесе рейтингіде 143-сатыдағы өзбекстандық Мария Тимофееваның біреуімен кездеседі. 

Негізгі жарыс 4-11 қаңтар аралығында өтеді. Онда турнирдің 2024 жылғы жеңімпазы, әлемнің 5-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина өнер көрсетеді. 

Өткен жылы мұнда әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко үздік шыққан болатын. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аружан Сағындықованың Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған едік

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью