Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Канададағы Британдық Колумбия провинциясы ақпан айында Тумблер-Ридж қаласында болған мектептегі атыс ісіне байланысты OpenAI компаниясына қарсы сот ісін қозғауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды АА.
Бұл туралы провинцияның бас прокуроры Ники Шарма 7 шілдеде хабарлады.
Мәліметке сәйкес, провинция Ванкувердегі CFM Lawyers және Калифорниядағы Stranch, Jennings & Garvey заң фирмаларын жалдап, OpenAI мен оның басшылығын жауапкершілікке тарту жолдарын қарастыруда.
10 ақпанда 18 жастағы Джесси Ван Рутселаар өз үйінде анасын және 11 жастағы інісін өлтіріп, кейін мектепке барып оқ жаудырған. Нәтижесінде бес оқушы мен бір мұғалім қаза тауып, 27 адам жараланған.
Тергеу деректеріне қарағанда, OpenAI қызметкерлері күдіктінің ChatGPT-дегі аккаунтын сегіз ай бұрын қауіпті деп танып, басшылыққа канадалық билікке хабарлау қажеттігін ескерткен. Алайда компания полицияға да, жергілікті органдарға да ақпарат бермеген.
Шарма:
«Қоғамдық қауіпсіздікке қатысты елеулі алаңдаушылық туындаған кезде біз әрекет етуге міндеттіміз. Бұл — құрбандар мен олардың отбасылары үшін біздің борышымыз», — деді.
Провинцияның сот ісі АҚШ-тағы Калифорния округтік сотында жәбірленушілердің отбасылары берген талап-арыздардан бөлек қаралатын болады. Екі процесс тәуелсіз түрде параллель жүргізіледі.
Бүгін, 12:21