Британдық компаниялармен және ЖОО лармен ынтымақтастық нығаяды заң

16.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Келісім саяси, экономикалық, құқықтық, гуманитарлық және экологиялық өзара іс-қимылдың негізгі қағидаларын бекітіп, қазақ-британ ынтымақтастығын сапалық жаңа деңгейге көтереді.

- Экономикалық тұрғыдан алғанда, Келісім инвестициялар тартуға, сауданы дамытуға және Қазақстан үшін басым секторларда – энергетика мен жаңартылатын энергия көздері, тау-кен өнеркәсібі, жоғары технологиялар мен цифрландыру, қаржы қызметтері, ауыл шаруашылығы және орнықты су пайдалану бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Ұлыбритания - Қазақстан экономикасына 23 млрд АҚШ долларынан астам тікелей инвестиция салған ірі инвесторлардың бірі. Келісімді ратификациялау еліміздің болжамды құқықтық ортасы мен ашық бизнес жүргізу қағидаттары бар сенімді серіктес ретіндегі беделін нығайтады. Өңір үшін бұл – капиталдың келуін, британдық компаниялармен және университеттермен тікелей ынтымақтастық орнату мүмкіндігін білдіреді, - деді сенатор Геннадий Шиповских.

Депутаттың айтуынша, келісімде құқықтық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылған. Құжат екі елдің сот және құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға, құқық үстемдігі мен сот төрелігі саласында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ өзара құқықтық көмек, сот шешімдерін орындау мәселелерінде үйлестіруді нығайтуға бағытталған.

- Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласында Келісім бірлескен білім беру бағдарламаларын, британдық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға, студенттер мен оқытушылар алмасуын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ құжат бірлескен көрмелер мен фестивальдерді өткізуге, мұражайлар мен мұрағаттар арасында тәжірибе алмасуға жол ашады. Экология, «жасыл» экономика және климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы ынтымақтастық та ерекше мәнге ие. Ұлыбритания - климаттық технологияларды ілгерілету бойынша көшбасшылардың бірі және бұл тәжірибе Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатында пайдалы болмақ, - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Ұлыбритания сирек металдар саласында өзара тиімді әріптестік орнатуға ниетті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью