Британдық туристердің көлігі далада батып қалды видео

31.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Маңғыстау облысында Ұлыбританиядан келген туристердің көлігі сорға батып, жолда қалып қойды. Оларға құтқарушылар көмекке келді., деп хабарлайды Tengri Travel.

Маңғыстау облысында Ұлыбританиядан келген туристердің көлігі сорға батып, жолда қалып қойды. Оларға құтқарушылар көмекке келді., деп хабарлайды Tengri Travel.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Тұзбайыр шатқалы маңында болған. Шетелдік туристер мінген көлік сорға батып, әрі қарай жүре алмай қалған. Осыдан кейін 112 қызметіне хабар түскен.

Оқиға орнына құтқарушылар аттанды. Көлікте екі ересек адам мен 12 жастағы бала болған. Олардың барлығы – Ұлыбритания азаматтары.

"Жер бедерінің күрделілігі мен топырақтың тұтқырлығына байланысты көлікті шығару жұмыстары бір тәуліктен астам уақытқа созылды", – деп хабарлады ведомство.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жарияланымы (@112kz_)

Құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен көлікті сордан шығарып, туристерді маршруттың қауіпсіз бөлігіне дейін жеткізді.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. ТЖМ мәліметінше, туристерге медициналық көмек қажет болмаған.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысының Бурабай ауданында тоғыз шетелдік турист Көкшетау шыңына көтеріліп, кері түсе алмай қалған еді. Ол кезде де құтқарушылар саяхатшыларды қауіпсіз жерге түсірген.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью