24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Ұлыбритания фастфуд өнімдерінің жарнамасына шектеу енгізді.
Бұл елде балалар арасындағы семіздікпен күрестің жаңа амалы. Енді денсаулыққа зиян тағамдар мен сусындарды теледидарда тек кешкі сағат 9-дан кейін ғана көрсетуге рұқсат. Ал ғаламторда мұндай өнімдерді жарнамалауға толық тыйым салынған. Тізімде шоколад, таңғы дайын жармалар сынды 13 өнім бар. Олардың орнына телеарналардан жеміс-жидек пен көкөністердің пайдасын насихаттау басталған. Ал ресми дерек бойынша Ұлыбританияда бастауыш сынып оқушыларының 22 пайызы артық салмақтан зардап шегеді. Мамандар жаңа ереже семіздікке шалдыққандар санын жыл сайын 20 мың адамға азайтады деп болжайды.