Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ұлыбритания суасты дрондарын сатып алуға 150 миллион фунт стерлинг бөледі.
Бұл құрылғылар қақтығыс аймақтарындағы миналарды анықтап, залалсыздандыруға, сондай-ақ кабельдер мен газ құбырларын диверсиядан қорғау үшін керек. Қазір бұл жұмыстарды арнайы кемелердің экипаждары мен сүңгуірлер атқарып жүр. Алайда жақында олардың орнын дрондар басуы әбден мүмкін. Қорғаныс министрлігі алғашқы кезеңде 24 суасты дронын сатып алуды жоспарлап отыр. Бүгінде әскерилер құрылғының нарықта бар түрлерін сынақтан өткізіп жатыр.