Британияда қайтыс болған адамнан жатыры трансплантацияланып, сәби дүниеге келді

24.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Сәбидің ата-анасы бұны «ғажайып сәт» деп бағалап, донордың отбасына ерекше ризашылық білдірді.

Олардың айтуынша, бір отбасының асқан жанашырлығы мен батыл шешімі өздеріне ата-ана болу бақытын сыйлаған.

Отаға Лондон және Оксфорд қалаларының білікті хирургтері қатысқан. Олар жүктілік барысын мұқият бақылап, босандыру процесін сәтті өткізген.

Мамандар бұл оқиғаны «серпінді сәт» деп бағалап отыр. Себебі бұл тәжірибе ауыр диагноз салдарынан ана болу мүмкіндігінен айырылған әйелдерге үміт сыйлайды.

Айта кетейік, Британияда жатыр трансплантациясынан кейін бала туу жағдайы бұрын да тіркелген. 2025 жылдың басында Эми есімді қыз тірі донордан жасалған трансплантациядан кейін дүниеге келген алғашқы британдық атанған еді.

Донорлық — технология ғана емес, сенім. Қоғам өкілдерінің бір-біріне деген жауапкершілігі. Бүгінде Қазақстанда 4,5 мыңнан астам адам донорлық органдар кезегінде тұр.

Осыған дейін мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері туралы жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью