Британияның үш автономиясы өзін өзі билеу құқығы туралы мәлімдеді

15.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия үкіметтерін алғаш рет ұлтшыл партиялардың өкілдері басқарып отыр. Олар Кардиффте алғашқы кездесуін өткізіп, өзін-өзі билеу құқығы туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz DW басылымына сілтеме жасап.

Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландияның бірінші министрлері Джон Суинни, Рун ап Иорверт және Мишель О’Нил Кардиффте әр ұлттың өзін-өзі билеу және Ұлыбританиядан тәуелсіз болу құқығын, сондай-ақ Еуропалық Одаққа мүшелікке бағытталған болашақ бағдарын бекітетін бірлескен меморандумға қол қойған.

Кездесу Уэльс астанасында ирландиялық "Шинн Фейн" ұлтшыл партиясының жетекшісі Мэри Лу Макдональдтың қатысуымен өтті. Бұл - Ұлыбританияның төрт бөлігінің үшеуінде үкімет басына SNP, Plaid Cymru және "Шинн Фейн" секілді ұлтшыл партиялар келгеннен бергі алғашқы осындай жиын.

Қатысушылар Лондонды "әр юрисдикциядағы конституциялық өзгерістерге дайындалуға, оларды жоспарлауға және оған ықпал етуге" шақырды.

"Вестминстер дәуірі аяқталып келеді", - деп атап көрсетілген қол қойылған құжатта.

Баспасөз мәслихатында Джон Суинни мен Мишель ОʼНил таяу болашақта Біріккен Корольдік құрамынан шығу туралы референдумдар өткізуге үндеді.

Меморандумда жаңартылатын энергия көздері мен "неғұрлым қуатты әрі әділ экономика" құрудан бастап, Еуропамен байланыстарды нығайтуға дейінгі ортақ мүдделерді көздейтін практикалық салаларда ынтымақтастық орнату ниеті бекітілген.

Құжатқа қол қойылғаны туралы хабарлардан кейін Ұлыбритания премьер-министрі Энди Бёрнемнің баспасөз хатшысы Belfast News Letter басылымына үкімет басшысының Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландияда тәуелсіздік туралы референдумдар өткізуді қолдамайтынын және "одақтың тұтастығына нық сенетінін" мәлімдеген.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью