Брокер мен қаржы сарапшысы : полиция жоғары табыстың жарнамасын ашпауға кеңес берді

15.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Полиция халықты интернет арқылы ұсынылатын күмәнді инвестициялық жобаларға сенбеу қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ондайда алаяқтар өздерін брокер, инвестициялық компания қызметкері немесе қаржы сарапшысы ретінде таныстырып, "жоғары табыс", "кепілді пайда", "тәуекелсіз инвестиция" ұсынады.

"Алғашында аз мөлшерде ақша салуды сұрап, жалған сайт немесе қосымша арқылы қаражаттың өсіп жатқанын көрсетеді. Кейін "инвестицияны көбейту", "комиссия төлеу", "шотты бұғаттан шығару" деген сылтаумен қосымша ақша талап етеді", - дейді полицейлер.

Ал ақшаны шешіп алу кезінде сайт істемей қалады, аккаунт бұғатталады немесе "кеңесші" байланысқа шықпай қояды. Осылайша, "жоғары табысқа" сенген адам барлық қаражатынан айырылады.

Алаяқтықтан сақтану жолдары

100% кепілдікпен жоғары табыс уәдесіне сенбеу;

"Бірнеше күнде ақшаңызды бірнеше есе көбейтеміз" деген ұсыныстарды елемеу;

тез шешім қабылдауға мәжбүрлейтін адамдардың сөзіне ермеу;

бейтаныс адамдардың нұсқауы бойынша ақша аудармау;

карта деректері, CVV және SMS-кодтарды ешкімге бермеу;

күмәнді сілтемелерге өтпеу мен белгісіз қосымшаларды орнатпау.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью